7-лекция
Тақырыбы: Оқушыларды жан-жақты
тәрбиелеудегі оның тұлғалық қасиеттерін
дамытудағы оқу пәнінің ролі.
Мақсаты: Оқушыларды жан-жақты
тәрбиелеудегі оның тұлғалық қасиеттерін
дамытудағы оқу пәнінің ролін анықтап, ажырата
білу.
Жоспары:
1.Оқушыларды жан-жақты тәрбиелеудегі пәннің
ролі
2. Тұлғалық қасиеттерін дамытудағы оқу
пәнінің ролі.
1.Оқушыларды
жан-жақты тәрбиелеудегі пәннің ролі
Тәрбие дегеніміздің өзі де
ең алдымен баланың сезімін оятып, әсершілдігін дамыту.
Сезімді тәрбиелеу, яғни баланы қоғамдық
мәні бар, адамдарға жақсылық ететін құлық-қасиеттерден
рахат, қуаныш табуға баулу деген сөз. Оқу пәні
бойынша материалдың тәрбиелік орны айырықша.
Табиғаттағы обьектілер мен
құбылыстарды танып білу деген баланың логикалық
ойлауына жол ашатын өте құнды
материалдар болып табылады. Осы тұрғыда жаратылысты танып
білу кезінде жүргізілетін түрлі әдістер барысында
балаға тек білім ғана беріліп қоймай жан-жақты
тәрбие беріледі. Әрбір сабақтың оқытудан
тәрбиелік мәнді болуы бірінші кезекті, яғни оқу мен
тәрбиенің тұтас жүйе екендігі белгілі
Дүниетану сабақтары
тәрбиенің қайнар көзі, тәрбиенің кешенді
ошағы болып табылады. Әрбір дүниетану сабағы
патриоттық, ұлтжандылық, эстетикалық, адамгершілік,
экологиялық, еңбекке баулу, санитарлы-гигиеналық
тәрбиенің бастауы.
2.
Тұлғалық қасиеттерін дамытудағы оқу
пәнінің ролі.
Бастауыш мектептің
маңызы мен қызметі оның үздіксіз білім беру
жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана
емес, ең алдымен, оқушының жеке тұлға
тұрғысында қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін
ерекше құнды, қайталанбайтын буын екендігімен анықталып
негізделеді. Осымен байланысты интеллектуалдық, эмоционалдық,
іскерлік жағынан оқушыны айналадағы дүниемен
«табиғатпен, басқа
адамдармен, өз-өзімен, т.б.» өзара белсенді
әрекеттестік қарым-қатынасқа даярла жүзеге асады. Дүниетану пәні мектеп тарихында
адамды, оның айналадағы дүниемен қарым-қатынасын
(«адам- өлі табиғат», «адам-тірі табиғат», «адам-басқа
адамдар», «адам-материалдық және рухани мәдениет», т.б.)
жан-жақты қарастырып таныстыруды бастайтын алғашқы
пән екендігін атап көрсеткен жөн. Мұнда бұл
ұғымдардың мәні абстрактылы түрде қалмай,
оқушының өзін-өзі тануы жүзеге асады.
Пән мазмұны қазіргі
заманғы ғылыми білімнің, мәдениеттің
әртүрлі салаларынан (қоғамдық және
жаратылыстану ғылымдары, экономика, этика, эстетика, құқық,
өнер, т.б.) хабардар ету негізінде дүниені танып білу
әдістерімен (бақылау, тәжірибе, эксперимент, модельдеу,
талдау, синтез, салыстыру, т.б.) оқушыны қаруландыру арқылы
оның ортамен сауатты қарым-қатынасын жан-жақты дамытып,
тәрбиелуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Дүниетану пәні
арқылы оқушы алғашқы тірі және өлі
табиғат, табиғаттағы құбылыстарды, дене мен
заттар, олардың әрқайсысына тән қасиеттерін,
олардың адамдарға қажеттілігі туралы біледі. Осындай
мағлұматтарды ұғына отырып ұғымдар
жүйесі қалыптасып, сөз қоры молайып, табиғат пен
адамның тығыз байланыстылығын түсінеді.
Сондай-ақ, табиғатты аялау, үнемдеу т.с.с. экологиялық
тәрбие беріледі.
Бақылау
сұрақтары:
1.Дүниетану пәні арқылы қандай тәрбие
беріледі?
2. Адамгершілік тәрбиенің берілу жолдары қандай?
3. Эстетикалық тәрбие қалай жүзеге асады?
4. Шығармашылық қабілеттердің дамуы қалай жүзеге
асады?
5. Тұлғалық қасиеттерін дамытудағы оқу
пәнінің ролі.
Қажетті
әдебиеттер
1. Аймағамбетова Қ.
Дүниетануды оқыту теориясы мен технологиясы. –Алматы:
Полигафия-сервис и К., 2006.-248 б.
2. Сихимбаева С.М. Дүниетану теориясы мен технологиясы. Оқу құралы.
-Шымкент: Нұрлы бейне, 2008.- 148 б.
3. Петросова Р.А., Голов В.П., Сивоглазов В.И. Методика обучения
естествознанию и экологическое воспитание в
начальной школе.- Издательский центр: Академия, 1999.-96с.
8-лекция
Тақырыбы: Пәннің тәрбиелік
мүмкіндіктері: дүниетанымдық, эстетикалық,
экологиялық мәдениетке тәрбиелеу.
Мақсаты: Дүниетану пәнінің тәрбиелік
мүмкіндіктерін ашып көрсету.
Жоспары:
1. Пәннің
дүниетанымдық көзқкрасын қалыптастырудағы
мүмкіндіктері
2. Пәннің эстетикалық, экологиялық
тәрбие беру мүмкіндігі
1.Пәннің
дүниетанымдық көзқкрасын қалыптастырудағы
мүмкіндіктері
Төменгі класс
оқушылары дүниені біртұтас күйінде қабылдайды,
оның көріністерін биологиялық, физикалық,
химиялық құбылыстарға бөлмейді. Жаратылыстану
білімін интеграциялап оқытудың алғашқы кезеңінде
табиғат құбылыстары туралы дұрыс, тұтас
түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді, табиғат
туралы ғылымдарды одан әрі саралай оқып үйренуге
белгілі бір негіз қалайды. Оны оқып – үйрену барысында
дүниенің материалдығы мен танымдылығын,
құбылыстардың өзара байланысын, заңдылықтар
мен эволюция идеяларын түсінуге қадам жасалады.
Қоршаған дүние
обьективті түрде өмір сүретін болғандықтан,
ондағы заттар мен құбылыстары алдымен санада бейнеленеді.
Көру, сезіну, түйсіну арқылы сезім мүшелерге
материалдық түрде әсер етеді де біз оларды қабылдаймыз.
Қабылдау барысында сыртқы сезім мен ішкі сезімдер біріге отырып
танымды нақтылай түседі. Сезім арқылы таныған
дүниені ғылыми біліммен байланыстырғанда ғана білім
қалыптасады.
Адам баласы таным арқылы
білмеуден білуге көшеді, сол затты немесе құбылысты
танығаннан кейін таныс еместерін білуге ұмтылады, ізденеді. Таным
арқылы заттар мен құбылыстардың басты белгілері,
ұқсастықтары мен айырмашылықтары жайындағы
бейнелі қабылдау нәтижесінде ұғым туады. Осылайша таным
нақты дүниеге, қоршаған ортадағы бар
заттарға негізделсе ғана белгілі мазмұнға ие болады,
оны өз мәнінде танып білу үшін ғылым керек.
Табиғат жайлы
ғылымдардың барлығы айнала дүниенің даму
барысын түсіндіру,
табиғаттың даму заңдылықтарын ашу негізін
қарастырады. Табиғат құбылыстарының
қарапайым байланыстарын және өзара тәуелділігін
анықтайды. Тірі және өлі табиғат арасындағы
айырмашылықтарды, байланыстарды түсіндіреді. Табиғат
құбылыстарының сырын түсіндіре отырып материалистік
көзқарас, яғни дұрыс дүниетанымдық
көзқарас қалыптастырады. Мұғалім көмегімен
айналадағы табиғатты зерттеу (бақылау) арқылы
олардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін және оны
қорғауға деген ықыласын тудыра отырып, өздері
тұрған жердің табиғат айырмашылықтарын, олардың
себептерін анықтайды.
Дүниетану пәні
«Адам», «Табиғат», «Қоғам» блоктары бойынша білім мен білік
береді. Мұнда оқушы алғашқы тірі және өлі
табиғат, табиғаттағы құбылыстарды, дене мен
заттар, олардың әрқайсысына тән қасиеттерін,
олардың адамдарға қажеттілігі туралы біледі. Осындай
мағлұматтарды ұғына отырып табиғат пен
адамның тығыз байланыстылығын
түсінеді. Сондай-ақ, табиғатты аялау, үнемдеу
т.с.с. экологиялық тәрбие беріледі.
Жаратылыстанудың жалпы
әдістемесінің аса
маңызды міндеттерінің бірі - ғылым ретінде жаратылыспен
оқу пәні ретінде жаратылыстану арасындағы байланысты
анықтау.
Табиғат
туралы мәліметтердің көлемі өте кең. Осыған
байланысты оқу материалын ғылымилығы негізінде іріктеу,
топтау мен өңдеу, материалды зерттеу тәртібі мен
жүйесін анықтау әдістеме міндеттері болып табылады.
Оқушылар табиғат пен адамның шаруашылық қатынасын
зерттей отырып білім алып қана қоймай, сондай-ақ оларда
практикада қажет болатын машық пен дағды қалыптасады.
Ғылым негіздерін оқытудың неғұрлым тиімді әдістері
мен амалдарын жасау әдістеменің тағы бір маңызды
міндеті болып табылады. Ол мұғалімге ғылыми материалдарды
оқушылар үшін қалай түсінікті етуге болатынын
көрсетеді, табиғат туралы ғылымдарды зерттеуге негіз
қалайды.
Жаратылыстану курсы баланың ақыл-ойын
дамытуға бағытталған үлкен міндеттерді шешеді.
Нақты обьектілер мен құбылыстарды оқып-үйрену
кезінде оның бақылау қабілеті дами- ды.
Байқағыштық – заттар мен құбылыстарды саналы
түрде қабылдай білу, олардың өзіне тән және
ортақ белгілерін табу, белгілі заңдылықтарды байқау,
оларды талдап қорытынды жасай білу қабілеті.
Байқағыштық жүйелі жаттығулардың барысында
біртіндеп дамиды. Мұның бәрі баланың ойлау қабілетін
дамытуда, қоршаған ортаны танып білуінде маңызы зор.
Жаратылыс ғылымдары логикалық индукция және дедукция
әдістеріне үйретеді, құбылыстардың мәніне
терең бойлау дағдысын қалыптастырады.
Логикалық ойлаудың дамуы бірнеше
кезеңнен тұрады.
1. Фактілер мен құбылыстарды
бақылау.
2. Жауапты іздеу үшін мәселе (шарт) қою.
3. Бақыланып отырған нәрсе бойынша
мүмкін болжамдар жасау.
4. Болжамды зерттеу және дұрыс жауапты
тәжірибе жүзінде тексеріп, логикалық тұрғыда талдап, тиянақты
қорытындылай білу.
2.Пәннің эстетикалық, экологиялық
тәрбие беру мүмкіндігі
Табиғаттағы обьектілер мен
құбылыстарды танып білу деген баланың логикалық
ойлауына жол ашатын өте құнды
материалдар болып табылады. Осы тұрғыда жаратылысты танып
білу кезінде жүргізілетін түрлі әдістер барысында
балаға тек білім ғана беріліп қоймай жан-жақты
тәрбие беріледі. Әрбір сабақтың оқытудан тәрбиелік
мәнді болуы бірінші кезекті, яғни оқу мен
тәрбиенің тұтас жүйе екендігі белгілі.
Оқушылардың адамгершілік
қасиеттерін, дұрыс мінез-құлық тарын
қалыптастыру арнайы жарияланбаған. Ол құрамдас
бөліктері мен әртүрлі әдістері арқылы іске асып отырады.
Бұл қағиданы дұрыс түсініп, жүрегімен
қабылдаған әрбір мұғалім өз
сабақта-рының әрбір тәрбиелік функциясын өз
бетінше-ақ ұйымдастырып отырары сөзсіз, әрі міндетті.
Әрбір сабақ талдау арқылы жүруі шарт. Талдау –
бірлескен ізденіс. Ізденіс барысында мұғалім әр баланың
көңіл-күйін бақылауға, ой-пікірін
байқауға, яғни интелект деңгейін анықтай алады.
Адами құндылықтар бала бойына іс-әрекет барысында
беріледі. Өйткені өзгенің басындағыны өз басында
өткізгендей етіп қабылдауы баланың болашағын
аңғаруына, айналасындағылардың іс-әрекетін
түсінуге, ой елегінен өткізіп, сезінуіне ықпал етеді.
Тәрбие дегеніміздің өзі де ең алдымен баланың
сезімін оятып, әсершілдігін дамыту. Сезімді тәрбиелеу, яғни
баланы қоғамдық мәні бар, адамдарға
жақсылық ететін құлық-қасиеттерден рахат,
қуаныш табуға баулу деген сөз.
Дүниетану сабағында
диалектикалық көзқарас қалыптастыру үнемі
бірізділікпен, яғни табиғат элементтерінің бір-біріне
байланысты құбылыстар сырына үңілу. Дүниетанымдық
көзқарас оқушыларға бірден беріле қоймайды, ол
ұзақ, үздіксіз берілетін оқу-тәрбие
негізінің жемісі. Мұғалім ең алдымен органикалық
дүниені, яғни әлем немесе табиғатты
құраушы элемент атауларын, қасиеттерін, ерекшеліктерін
және оның орны, пайдасы мен зияндылығы жайлы
мағлұмат беруі, олардың байланысы мен болмысы, тіршілік
жағдайы, ортасы, өзгерісі, жойылуы немесе басқа түрге
өтуі т.б. тіршілік түрлерінен түсінік беру нәтижесінде
әлемде, яғни табиғатта үздіксіз, тығыз байланысты
құбылыстардың болуы, олардың әсері, осыдан барып
органикалық дүниенің эволюциялық даму тарихы
шығатынын түсіндіру нәтижесі балада дүниетанымдық
көзқарастың қалыптасуына әкеледі
(жай-күрделі, төменнен жоғарыға қарай
заңдылығы түсіндіріледі).
Дүниетану сабақтары
тәрбиенің қайнар көзі, тәрбиенің кешенді
ошағы болып табылады. Әрбір дүниетану сабағы
патриоттық, ұлтжандылық, эстетикалық, адамгершілік,
экологиялық, еңбекке баулу, санитарлы-гигиеналық
тәрбиенің бастауы.
Эстетикалық тәрбие. Адамдардың
эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор роль
атқарады. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу
адамның рухани өмірін байытады, рухани ләззаттануға
мүмкіндік береді, қуанышқа бөлейді. Эстетикалық
тәрбиенің негізгі міндеттері мыналар: эстетикалық
қабылдауды – дамыту; эстетикалық талғамды, әсемдікті
бағалай білуді, шын әсем нәрсені эстетикалық емес
нәрседен ажырата білуге тәрбиелеу; өнерде өзін
шама-шарқынша көрсете білуге, қоршаған өмірден
эстетиканы сіңіре білуге тәрбиелеу.
Эстетикалық тәрбие дегеніміз –
өнердегі, табиғаттағы және бүкіл
қоршаған өмірдегі әсемдік құралдары
арқылы тәрбиелеу деген сөз. В.А.Сухомлинский
«эмоционалдық-эстетикалық лепсіз баланың толық
қанды ақыл - ойының дамуы мүмкін емес» - деген пікірі
оның маңызды ролін көрсетеді.
Әсемділіктің таптырмас
бұлағының бірі – табиғат. Ол эстетикалық
сезімнің, байқампаздықтың, қиялдың дамуына
үлкен әсерін тигізеді. Эстетикалық тәрбие баланың
жан-жақты даму факторының бірі бола тұра,
оқушылардың өз өмірін «Әдемілік заңы»
бойынша құра білуге баулиды.
Бақылау
сұрақтары:
1.Пәннің дүниетанымдық көзкарасын
қалыптастырудағы мүмкіндіктерін қалай түсіндіесің?
Нақты мысалмен.
2. Баланың логикалық ойлауы қандай кезеңдер
арқылы жүзеге асады?
3. Пәннің
эстетикалық тәрбие
беру мүмкіндігі
4. Пәннің
экологиялық тәрбие беру мүмкіндігі
5. Баланың жан-жақты дамуына табиғаттың
әсерін түсіндір.
Қажетті
әдебиеттер
1. Аймағамбетова Қ.
Дүниетануды оқыту теориясы мен технологиясы. –Алматы:
Полигафия-сервис и К., 2006.-248 б.
2. Сихимбаева С.М. Дүниетану теориясы мен технологиясы. Оқу
құралы. -Шымкент: Нұрлы бейне, 2008.- 148 б.
3. Петросова Р.А., Голов В.П., Сивоглазов В.И. Методика обучения
естествознанию и экологическое воспитание в
начальной школе.- Издательский центр: Академия, 1999.-96с.